Бокстан Таиландтағы турнир: Сағындық Тоғамбай жартылай финалға жолдама алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Таиландтағы турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 91 келі салмақта вьетнамдық Нгуйен Ман Куонмен жекпе-жекке шықты.
Ринг төрінде қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша Сағындық жекпе-жектің жеңімпазы атанды. Ол жартылай финалға жолдама алды.
Бұдан бұрын ел құрамасынан Аятулла Тәкіжанов (75 келі) таиландтық Борворн Кадамнуанның осал тұсын тапты .
Сондай-ақ, аталған салмақта ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов үндістандық Сумитке жол беріп қойды.
Айта кетсек, енді ел құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың біреуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда қарсыластарымен қолғап түйістіреді .
Халықаралық турнир 9 сәуірде мәресіне жетеді.