11:24, 11 Тамыз 2025 | GMT +5
Бокстан U22 санатындағы Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақыт Сейдіш финалдық айқаста өзбекстандық боксшы Ойши Таированы қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Өкінішке қарай, тағы бір отандасымыз Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) финалда қытайлық былғары қолғап шебері Цзии Баоға есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева жеңіс тұғырына көтерілген болатын.