Бокстан xалықаралық турнир: Финалға қазақ боксшыларынан кімдер шықты

Қыздар арасында төрт боксшымыз финалға шықты. 57 келіде Сәния Сұлтанқызы жапондық Хирута Мицукимен кездеседі. 60 келіде екі қазақстандық боксшы - Римма Волосенко мен Айжан Қожабекова алтынды сарапқа салса, 75 келіде Дариға Шәкімова швециялық Лав Холгерсонмен күш сынасып көреді.
Ал ерлер арасында 49 келіде Жомарт Ержан - Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Әнуар Мұзафаров - Ладон Роген Сиага (Филиппин), 56 келіде Қайрат Ералиев - Дюк Ламонд Раган (АҚШ), 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов - Икболжон Холдаров (Өзбекстан), 69 келі салмақта Абылайxан Жүсіпов - Асланбек Шыңбергенов, 75 келіде Әбілxан Аманқұл - Ерік Әлжанов, 81 келі салмақта Бек Нұрмағамбет - Бектемір Меликузиев (Өзбекстан), ал +91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Максим Бабанинмен жұдырықтасады.
Айта кетейік, осы жолы Өзбекстаннан 11 боксшы келді. Жартылай финалға жетеуі жетті. Ал финалға үшеуі шығып отыр. ҚР Президенті кубогы үшін Халықаралық бокс турнирі Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде өтіп жатыр. Ертең, сағат 13:00-де финалдық жекпе-жектер басталады.
Фото: kfb.kz