Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қатарынан 11 жекпе-жекте жеңіске жетті

бокс
Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыстың екінші күні шаршы алаңға алты боксшы шығып, барлығы жеңіске жетті. Жекпе-жек 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнир аясында өтті.

Жекпе-жек қорытындысы төмендегідей:

48 кг. Ернар Қарап (Қазақстан) - Махер Аль-Машалех (Иордания) – Қарап төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) - Деонисио Дови Монтерио Рамос (Шығыс Тимор) - Алтынбек бірауыздан жеңіске жетті.

57 кг. Ерболат Сабыр (Қазақстан) – Ислам Торобаев (Қырғызстан) – Сабыр бірауыздан жеңіске жетті.

63,5 кг. Ерасыл Таңқай (Қазақстан) - Асқатбек Чомонов (Қырғызстан) - Таңқай бірауыздан жеңіске жетті.

67 кг. Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) - Омар Әл-Хадиди (Иордания) – Сүйінбай бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

71 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Эльдар Турдубаев (Қырғызстан) – Аққалықов төрешілердің екі жақты шешімімен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар