Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында 10-24 мамыр аралығында өтетін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды.

 Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды
Фото: Бокс федерациясы

Бұл жөнінде Азия бокс конфедерацисы (ASBC) мәлім етті.

Құрлықтық дода 11 мамырда техникалық жиналыс пен турнирдің жеребе тарту рәсімімен басталады. Алғашқы жарыс күні 12 мамырда болса, іріктеу кезеңі 18 мамырға дейін жалғасады.

Ал 20 және 21 мамыр күндері жартылай финал өтсе, 22 және 23 мамырда финалдық жекпе-жек өткізіледі. Құрлықтық дода ресми түрде 24 мамырда жабылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын еліміздің 17 жасқа дейінгі боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын алды.

Құрлықтық дода World Boxing аясында алғаш рет өтті. Онда еліміздің ұлдар және қыздар құрамалары барлығы 10 алтын медаль алды. Оның 5-еуі ұлдарға бұйырса, 5-еуі қыздардың еншісіне тиді.

 

Соңғы жаңалықтар