Бокстан жастар құрамасы Черногория турнирінде сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан жастар құрамасы 3-9 наурыз аралығында Будвада өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

Бокстан жастар құрамасы Черногория турнирінде сынға түседі
Фото: ҚР Бокс федерациясы

Бас бапкер Мақсат Бақтыбазаров Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған Қазақстан жастар құрамасын бастап, Будваға аттанады. Биыл бұл бәсекеге 20 дан аса ел қатысады деп жоспарланып отыр.

Бокс федерациясы атап өткендей, Қазақстан командасының құрамына соңғы ел чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшылар енді.

Черногорияда ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:

48 келі. Нұрхан Құмарбеков, Бексұлтан Хужамжар
51 келі. Айдос Үсен, Досымжан Таңатар
54 келі. Алмас Нұрлан, Алдияр Баһадүр
57 келі. Данияр Ақбисенов, Нұғман Нығмет
60 келі. Әділет Тортубек, Ердәулет Сайт, Ыдырыс Жандарбекұлы
63.5 келі. Мұхит Нұрқабылұлы, Артур Джарбулов, Алихан Әскер
67 келі. Сұлтан Тұрдалы, Асқар Қуаныш
71 келі. Бейбарыс Әшірбай, Бекарыс Нұрмұхан, Ризат Тұрсынбек
75 келі. Жасұлан Бердалы, Игорь Соловьев
80 келі. Руслан Динеуов, Асанәлі Сатпаев
86 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай, Бақытжан Айтмұхан, Даниял Райымбеков
92 келі. Расул Асанханов, Аният Тілеужан, Санжар Сейтхамит
+92 келі. Бексұлтан Қайратұлы, Айдамир Сауытбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінда» Қазақстан ерлер құрамасынан жартылай финалға 18 боксшы шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар