«Болашақ» бағдарламасына батысқазақстандық студенттер де белсене қатысып келеді

ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Болашақ» бағдарламасына батысқазақстандық студенттер де белсене қатысып келеді.
None
None
Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш орталықтың құжаттар қабылдау менеджері Мәншүк Бердібекова бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, сауалдарға жауап берді. Бағдарламаға енгізілген өзгеріске сәйкес ендігі жерде үміткердің жасына шектеу қойылмақ және оқуға жолдама берілетін шет елдер саны қысқартылмақ. Конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады. Биылдың өзінде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ студенттері Анар Хамидолла шет ел тілінен, Әлібек Серғалиев экономика және құқық негіздерінен кезеңдік сынақтардан өтіп тұр. Алдағы күндері талапты жастың бірі Ұлыбританияға, екіншісі Канадаға оқуға аттанбақ.
Соңғы жаңалықтар