«Болашақ» бағдарламасының 2 мыңнан астам түлегі өнеркәсіптік және аграрлық секторда қызмет етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасы аясында 85 PhD докторы даярланды. Бұл туралы бүгін Астанада «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
None
None

Әлемдік өркениетте өзінің мәртебелі орнын белгілеген Қазақстан үшін білім мен ғылымның мәні және маңызы айрықша екеніне тоқталған Г. Әбдіқалықова, «Елбасы белгілеп берген «Қазақстан 2050» Стратегиясында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керектігі нақты көрсетілді. Сондықтан алдағы уақытта отандық экономиканың одан ары өркендеуінде және еліміздің әлемдегі ең озық 30 елінің қатарына кіруде әлемдік талаптарға сай келетін білімді де, білікті мамандарды даярлау міндеті тұр», - деді.

Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында беделді стипендияның иегері ретінде Қазақстанның 11 мыңнан астам азаматы танылғанын айта келе, «Ұлттық экономикамыздың түрлі салалары үшін 8 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды. Бүгінде олардың екі мыңнан астамы өнеркәсіптік және аграрлық секторда, тағы екі мыңға жуығы білім саласында, 1,5 мыңға тарта маман ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар, 600-і медицина бағыттарында, сондай-ақ 400-ден астам мемлекеттік қызметте, 85 PhD докторы және 2,5 мыңға жуығы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы мамандар ретінде қызмет етуде. Барлық түлектердің төрттен бір бөлігіне жуығы басшылық лауазымдарда еңбек етуде», - деді.

Соңғы жаңалықтар