«Bolashak business cases» атты қазақстандық тұңғыш бизнес-кейстер жинағының тұсауы кесілді

Бизнес-кейстер жинағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бизнес тетіктерін терең зерттеу үшін арнайы шығарылған. Оған «Alageum Electric» АҚ, «Адал» Агроөнеркәсіп компаниясы» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Экотон +» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және т.б. сынды еліміздің ірі компанияларының топ-менеджментін қамтитын, отандық бизнес-практиктер тәжірибелерінің нақты кейстері енгізілген.
Жинаққа енгізілген барлық кейстерде стратегиялық жоспарлау, қаржылық жобалау, еңбек өнімділігін арттыру және инвестициялық қорды басқару және тағы да басқа мәселелерден тұратын отандық бизнес қызметтерімен байланысты мәселелер қамтылған.
Аталған жобаны «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыру мақсатында «ҰБХ «Байтерек» АҚ, Almaty Management University және «Bank RBK» АҚ қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы іске асырды.
Жинақтың білім беру процестеріне еңгізілуі үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына, сондай-ақ шетелдік бизнес-мектептеріне жолданатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тұсаукесер шаралары Лондон, Вашингтон, Бейжің, Мәскеу сияқты әлемнің ірі қалаларында, сондай-ақ белгілі зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның облыстық және қалалық кітапханаларында өткізілмек.
Жинақ барлық адамдар үшін қолжетімді болады. Кез келген адам осы жинақты немесе оның жекелеген кейстерін жүктеп алуы үшін «Болашақ» қауымдастығы арнайы www.bc.bolashak.kz сайтын әзірледі.
«Біз келесі жылы Назарбаев Университетінің білім беру шаңырағында қазақстандық ЖОО студенттері арасында «Bolashak Business Competition» атты бизнес-кейстерді шешу бойынша интеллектуалдық ойындарды өткізуді жоспарлаудамыз. Ойындар студенттердің талдай білу қабілеттерін дамытуға, кәсіби дағдыларын жоғарылатуға, сондай-ақ тәжірибедегі нақты тұжырымдар мен әдістерді қолдана білуіне бағытталатын болады»,- дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы, «ҰБХ «Байтерек» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.
Тұсаукесер шарасына ғылым мен бизнес өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, БАҚ, жастар ұйымдарының көшбасшылары, студенттер және тағы басқалары қатысты.
Сондай-ақ шарада ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев, «ҰБХ «Байтерек» АҚ-ның басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев, Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов сөз сөйледі.