11:19, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге толық мәліметтерді жеткізу мақсатында бірқатар өңірлерде көшпелі брифингтер өтеді
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге толық мәліметтерді жеткізу мақсатында көшпелі брифингтер өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері бұл күндері 2009 жылғы конкурстық іріктеудің ерекшеліктері мен құжаттар қабылдау талаптарын түсіндіріп, кеңес береді.Мұндай көшпелі кездесулер ? үміткерлердің құжаттарын қабылдау науқаны барысында жыл сайын Халықаралық бағдарламалар орталығы өткізіп тұратын маңызды іс-шаралардың бірі.