Болашақ кубогы: Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Беларусьтен жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы халықаралық Болашақ кубогы турниріндегі алғашқы кездесуінде Беларусьтен жеңіліп қалды. 

спорт
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Аталған сайыс 7 және 11 ақпан күндері Беларусь астанасы Минск қаласында өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер Ресейдің 18 және 17 жастағы жасөспірімдері, Беларусьтің 20 жастағы жастар құрамаларымен шеберлік байқасады.

Кездесу барысында қазақстандық хокейшілер қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Беларусь U20 - Қазақстан U20 5:2 (2:0, 1:2, 2:0)

1:0 - 03:59 - Волочко (Шидловский, Криштофик)

2:0 - 18:36 - Лахнов (Тукач, Волочко)

2:1 - 28:33 - Мигунов (Пиниди, Оразов) 

3:1 - 33:37 - Никитич (Ковгореня, Севко) 

3:2 - 39:52 - Симонов (Ляпунов, Русланұлы)

4:2 - 43:22 - Звягин (Кузнецов, Елисеев) 

5:2 - 53:00 - Липский (Звягин, Салыго) 

Сондай-ақ хоккейшілер кубок ойындарында 3х3 жүйесі бойынша сайысқа түседі.

Енді құрама 9 ақпанда Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездессе, 10 ақпанда 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар