«Болашақ» түлектері «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруға лайықты үлестерін қосуда - М. Тәжин

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, Комиссия мүшелерін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығымен құттықтап, Мемлекет басшысының жеке бастамасымен тағайындалған стипендия бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды серпінді жобалардың біріне айналғанын атап өтті. «Болашақ» түлектері бүгінде қоғам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында еңбек етуде, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруға лайықты үлестерін қосуда.

Бүгін Республикалық комиссия шешіміне сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған 66 адам магистратура (64 адам) және докторантура (2 адам) бағдарламалары бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, ҚХР және Швейцарияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Таңдап алынған мамандықтар ауқымды және әр саланы қамтиды. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, экономика, қаржы және аудит, туризм мен спорт саласындағы менеджмент, лингвистика және аудармашылық іс мамандықтары бар.

Соңғы жаңалықтар