«Болашаққа» инвестиция салу тек өзін ақтап қана қоймайды, Қазақстанға орасан үлкен пайда әкеледі ? Қауымдастық кеңесінің төрағасы Б.Байбек

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Зәуреш Балкенова/ – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» кадрларды шетелдерде даярлауға арналған білім беру стипендиясын ресми тағайындағанына 15 жылдан сәл астам уақыт өтті. Сол кезде, 90-шы жылдардың басында жасалған осы қадамның маңызын түсінгендердің қарасыны онша көп емес еді. Жас республика үшін осы жобаны «серпінді» деп атайтындар одан да аз болды.
None
None
Әлемнің жетекші университеттерінің дипломдарымен алғашқы «болашақтықтардың» елге оралғанына да 10 жыл өтті. Небәрі 15 жылдың ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында 1500 жас қазақстандық білім алды, тағы 2400 стипендиат қазіргі уақытта шет елдерде білім алуда. Қазақстанға оралған 1114 болашақтықтардың 300-ден астамы мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда жұмыс істейді.Бұл жылдардың ішінде осы бағдарламаның түлектері біздің мемлекетіміздің қалыптасуына өз үлестерін қосты. «Біздерге ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін жастар, ішкі және халықаралық үдерістерді жақсы талдай білетін кәсіби мамандар, жеке мүддеден мемлекет мүддесін жоғары қоятын патриоттар, менеджменттің ең озық әдістерін енгізуге даяр басқарушылар қажет», ? деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қаңтарда «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумында сөйлеген сөзінде.Осы білім беру жобасының мәні, «болашақтықтардың» рухы және жеті жыл бұрын құрылған «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының қызметін жандандыру жоспарлары туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қауымдастық кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек әңгімелеп берді. ? Бауыржан Қыдырғалиұлы, «Болашақ» түлектері мемлекет пен қоғамның өмірінде болып жатқан барлық үдерістерге айтарлықтай ықпал етуі мүмкін шекке жетуі тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, есеюдің осы үдерісі басталды ма? ? Тұтас мемлекет сияқты жекелеген тұлғалардың табыстары туралы шындық ең алдымен сапалы білімде жатқаны дәлелдеуді қажет етпейді деп ойлаймын. Бәсекеге қабілетті адам капиталымен дамыған елдер қатарына қосылу жолы білімді ұлт арқылы өтеді, ол өз орталарынан талантты, үміт күттіретін, мемлекеттік үлкен жұмыстарды атқаруға даяр адамдар жастар арасынан суырылып шығуы мүмкін. Бұл шешуші қызметтерде маңызды шешімдер қабылдау сеніп тапсырылған, білімді басқарушылар буынын тәрбиелеп шыға алған әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі. Жас тәуелсіз республиканың дамуы үшін осындай кадрлардың үлкен маңызын Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол бір қиын жылдардың өзінде-ақ көре білді.Инфляция ушығып, жұмыссыздық етектен тартып, әлеуметтік шығындар сарқылып, тұрған ол кезде мемлекеттің білімге осыншама үлкен инвестициялар салуы неге қажет болғанын жұрттың бәрі бірдей түсіне қойған жоқ. 1994 жылы АҚШ-тың беделді жоғары оқу орнында білім алу Қазақстанның бір ауылдық мектебінің жылдық бюджетіне шамаласып қалатын еді. Ол уақытта Қазақстан әлемдік кеңістікке әлі кірікпеген болатын, ал отандастарымыздың шетелге шығуға ілуде бірінің ғана қолы жететін. Нарықтық экономиканың одан әрі сапалық өсуі үшін тілді біліп қана қоймай, заманауи менеджменттің негіздерін, бұрынғы кеңестік тұрғыдан гөрі басқаша жаңаша ойлайтын мамандар керек болғанда ғана, кейін түсіндік. Н.Назарбаевтың бұл шешімін тіпті Президенттің қасында жүрген адамдардың өзі аса сене қоймаған Астананы ауыстыруымен салыстыруға болады. Бүгінде осының бәрін ой елегінен өткізген сол бастамалардың куәгерлері Мемлекет басшысының жаңа елорданың іргесін қалау жөніндегі көрегендік стратегиялық шешімі өте дұрыс болғанына көз жеткізіп отыр.Қазір елдің алдында басқа ауқымды міндеттер тұр. Біз тәуелсіз мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңін бастан кешірдік, нарықтың экономиканың негіздерін құрдық. Қазақстан тұрақты даму жолына түсті, сонымен қатар компьютер ойынындағыдай, әрбір жаңа деңгейде міндеттер бұрынғыдан да күрделене түседі. Бұдан әрі алға қадам басу үшін бізге үлкен сапалық өсім қажет. Ал бұл, ең алдымен білім деңгейі жөнінен дамыған әлемнің талабы деңгейінен кем түспейтін, ал кейде одан да асып түсе алатын кадрлар әлеуетіне байланысты.«Болашақ» бағдарламасы өмір сүре бастаған 15 жылдың ішінде Қазақстан бір жарым мың түлектерге ие болды, 2,5 мыңнан астам стипендиат қазірде шетелдерде білім алуда. Бұл барлығы төрт мың адам, оған қоса кемінде тағы 30 мың қазақстандық жастар елден тысқары жерлерде басқа бағдарламалар бойынша немесе өз қаражаттары есебінен білім алуда. Міне осы жастар Президенттің нағыз тірегі бола алатынына кәміл сенімдімін.Олар тамаша білім алды, сындарлы іске әзір, ең маңыздысы, патриоттық сезімі мол. Мемлекет басшысының қолдауына ие болып отыр және оның өткен жылғы «Болашақ» стипендиаттарының форумында айтқан 200-300 жас кәсіби адамдар тобын жоғары мемлекенттік қызметтерге кадр резерві ретінде әзірлеп қалыптастыру туралы пікірлерін қуаттайды. Болашақ мемлекеттік басқарушылар эшалонының негізі тап осы болашақтықтар болады, деген еді Президент. - Батыстың беделді жоғары оқу орындарын «Болашақ» дипломдарымен бітірген түлектер қазақстандық нақты шындықтан қол үзіңкіреп қалған, олар мемлекеттік қызметтерге баруға онша құштар емес, өздерін ерекшеміз деп санайды деген пікірлерге қалай қарайсыз? - «Болашақ» түлектері аспаннан түскен жандар емесін айтуға тиіспін. Олар біздің оқу жүйемізден қанаттанып ұшқандар, мектептерді үздік бітіргендер, шетел тілдерін жақсы біледі. Ал бұлар ? осы бағдарламаға қатысушы болу үшін қажетті талаптар. Олар өз еңбегімен Сорбонна мен Кембриджде білім алу құқын жеңіп алғандар, ал мемлекет онда алған білімдерін өз халқының игілігі үшін кәдеге жарату міндетті шартымен оларға осы мүмкіндікті беріп отыр. Соның нәтижесінде еліміз элиталық білімді жастардың элиталық жігіне ие болып отыр, бұл жерде элиталық деген сөзді дұрыс мағынасында түсіну қажет, ол ? бақуатты отбасыларынан таңдап алынған балалар деген сөз емес. Өйткені бұл бағдарламаның басты өлшемі ? әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері немесе басқа бір жағдайлар емес ? білім. Бағдарламаның білім деңгейі жағынан ең таңдаулыларды ғана қаржыландыратынын тағы да атап көрсеткім келеді. Өйткені мемлекеттің «үштікпен» бітіргендерге ақша шашатын жағдайы жоқ, өйткені бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін едәуір қаражат керек. Бұл бағдарламаға қатысуға тең дәрежеде қол жеткізуді қамтамасыз ете алмай отырған қазақстандық білім беру жүйесінде қиғаштықтар бар екені бір басқа. «Болашақ» стипендиаттарының форумында Президент айтқандай, осы теңсіздікті еңсеру үшін ауыл жастары мен мемлекеттік қызметшілер үшін квота қарастырылатын болады. Ауылдық мектеп оқушыларының Интернетке қол жеткізе алмауы, ағылшын тілі оқытушыларының жеткіліксіздігі олардың қала мектептері түлектерімен бәсекелесуіне қиындық туғызып отырғаны түсінікті. Сондай-ақ оқу орындарын қаржыландырудағы теңсіздік, аймақтық ерекшеліктер, мектептегі оқыту тілі, оқулықтар сапасы және басқа да бірқатар факторлар білім сапасына әсер етеді. Отандық білімдегі осы «ақтаңдақтарды» біле отырып, Мемлекет басшысы ауылдық түлектер үшін олардың өз аймақтарына жұмысқа оралуы шартымен стипендияларды көбейтуге тегіннен тегін бастамашы болып отырған жоқ. «Болашақтықтар» мемлекеттік қызметке неге бармайды? Бұл мәселе бүгінде аз көтеріліп жүрген жоқ. Бүгінде осы бағдарлама түлектерінің жартысына жуығы мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік активтері бар ұлттық компанияларда жұмыс жасап жүр. Меніңше, бұл аз емес. Менің пікірімше, бүгінгі дағдарыстық жағдайда мемлекет активтерді басқаруда басты ойыншылардың бірі болып отырғанда, мемлекеттік қызметке осы ресурстарды тиімді басқара алатын сауатты кадрлар аса қажет-ақ. Тұтастай алғанда, біздің мемлекеттік қызметтің беделі арта түсуде, ал оны бұдан да тартымды ету үшін материалдық ынталандыру мәселелерін шешу қажет. Сонда жастар оған зор ынтамен барады және тап осы мемлекеттік құрылымдарда мансап сатыларымен өсе алатынына көздері жетеді. Иә, батыстық университеттерді бітіргендердің көпшілігі кезінде бірден икемделе алмаған және Қазақстанда өзінің білімдерін пайдалана алмаған проблемалар болды. Алайда бұл мәселе алғашқы «болашақтықтар» елге оралған кезде болған, ал қазір мұндай мәселе онша көтеріліп отырған жоқ. Соңғы кездері мұндай мамандарға сұраныс объективті себептерге орай арта түсіп отыр. Компаниялар өсіп, өздері қатысатын салалар кеңейе түсуде, олар заманауи батыстық менеджментке арқа сүйеп отыр. Шағын және орта бизнестің де еңсесі көтеріліп, өз қызметін әлемдік стандарттарға қарай ойыстыруда. Қайда да жобаларды басқара алатын, нарық үрдістерін жақсы білетін, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізе алатын білікті кадрлар керек. - Егер патротизм туралы айтатын болсақ, шыныңызды айтыңызшы, жырақта жүргенде оның сынға түсер кезі болды ма, жасыратыны жоқ, бірқатар түлектерге жақсы жағдаймен сонда қалу ұсынылды ма?- Бір қызығы, өз еліңнен жырақта оқуда немесе өмір сүріп жүргенде Отаныңа деген ең тамаша сезімдерің арта түседі, оның қадірін біле бастайсың. Сонда, шетелде, өз үйіңнен алыста жүргенде шынайы патриотизм дегеннің бағасын түсіне бастайсың. Бұл ? жай шабытпен айтыла салған сөз емес, алған біліміңді пайдалана отырып, өз халқыңның өмірін жақсарта түсуге деген нағыз шынайы құштарлық. Айталық, мен оқыған Германияда өз мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сезім өте үлкен. Міне тап сонда, құндылықтардың бөтен жүйесі арқылы біз қазақ халқының тарихына терең үңіле бастадық, ана тілімізде кітаптар оқитын болдық, өзіміздің ұлттық және отбасылық бастауларымызды жақсы түсіне бастадық. Қиын сәттерде біз қашанда өзіміздің жақындарымыз бен туыстарымызға көмектесіп, қамқорлық жасауға тырысатынымызға көзім жетті. Бұл халқымыздың мықты жағы, біздің байлығымыз, ол кез келген халықтың немесе мемлекеттің қиын кезеңдерінде сүйеніш болып келеді. Білімге талпыныс та ? біздің үлкен игілігіміз. Ата-аналарымыз бізге бала шағымыздан оқуға, жақсы білім алуға үндеді, сонда ғана қоғамның қадірлі адамы болатынымызды құлағымызға әрдайым құйып отырды. Оның үстіне, көптеген «болашақтықтар» өз үйі мен отбасы үшін ерекше жауапкершілікті сезіне білді, өйткені өздерінің оқуы үшін олардың ата-аналары тіпті үйлеріне дейін ортаға салды. Сонымен қатар оқу кезінде тек қана үздік нәтижеге қол жеткізуің қажет, әйтпесе сені оқудан шығарғаны өз алдына, кеткен шығынды қайтаруға мәжбүр етуі де мүмкін. Көпшілігін ата-ана алдындағы моральдық жауапкершілік тезге салды ? бірқатарына «егер сонда қалатын болсаң, үйім бар деп есептемеуіңе болады» деп қатаң ескерткендер де болды.АҚШ-та оқыған біздің балалар американдық патриотизм дегеннің не екенін жақсы біледі. Олардан біз үйренуге тиіспіз. Оның үстіне бізде де Отанымызға деген мақтаныш аз емес. Өйткені біз тәуелсіздік жылдарында көп нәрсеге қол жеткіздік. Тіпті, шетелдік компанияларда қалғандардың өздері де бір-ер жылда қайтып оралары сөзсіз. Өйткені, оларға Қазақстандағыдай самғауға жол жоқ, бұл ? басы ашық нәрсе. Бізде жақсы білім алған қабілетті жастардың өсуіне барлық жағдай бар. Әрине, болашақтықтардың арасында қысқа мерзімде қол жеткізген біліміне масаттанып, өзін ерекше санайтындар кездесіп қалады. Алайда біз жас түлектерге тез арада мансап сатысымен өсу ұзақмерзімді табыстың кепілі емес екендігін түсіндіруге тырысамыз. Басты мақсат бұл емес. Әрине, беделді білім жақсы мүмкіндіктерге жол ашады. Алайда бұл театрға, жалпы залға берілген билет сияқты. Ал бұдан әрі қандай құрылымда, қандай орын тиеді, бәрі өзіңе байланысты.Менің түсінуімше, мансапқа ұмтылмау керек, істі негізінен, төменнен бастаған дұрыс. Төменгі буындағы жүйені білмейтін адамнан қандай басшы шығуы мүмкін, ол жұмысын қалай құра алады, нәтижесін қалай сұрай алады? Мемлекет басшысының айтқан даналық пікірі бар: бірінші болу оңай емес, ал қол жеткенді баянды ету одан да күрделірек. Қатаң бәсекелестік үстемдік құрып, тез құбылып тұрған заманда биіктікті бағындыру ғана емес, соны ұстап тұру өте маңызды.- «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығы өздерінің қатарына «болашақтықтарды» ғана емес, ұйымның ұстанымдары мен міндеттерін бөлісетін басқа да жастарды да тарта отырып, өз қызметін жандандыра түсу ниетін білдіргені мәлім. Осы мәселені таратып айтып өтсеңіз?- Қауымдастық ? бұл жай ғана бағдарлама түлектерінің заңды бірлестігі ғана емес. Біз мемлекет тарапынан сенім несиесіне ие болып отырмыз, қазақстандық салық төлеушілердің есебінен оқып шықтық. Сондықтан да бұдан 7 жыл бұрын құрылған қауымдастық біздің біліміміз бен тәжірибеміз басқа да қазақстандықтарға қол жетімді болуына ұмтылып отыр. Өйткені кез келген білім көптің игілігіне айналғанда ғана жаңа өріске шыға алады. Сондықтан да біздің түлектеріміз университеттерде сабақ береді, студенттерге лекция оқиды. Қауымдастық жарғысында болашақтықтар болмаса да біздің идеологиямызды жақтайтын барлық азаматтардың кіруіне мүмкіндік беретін норма бар. Біз үшін қатарымызды жай ғана толықтырып қана қоймай, қызметімізде сапалы серпін туғызудың принципті маңызы зор. Біз өзімізді кез келген ауқымдағы стратегиялық міндеттерді шешуге дайын қазақстандық жасампаз жастардың алдыңғы легіміз деп санаймыз. Біз Мемлекет басшысы мен халықтың 15 жыл бойы көрсетіп келе жатқан сенімін ақтай алатынымызға сенеміз. Біз «Болашақ» бағдарламасына жұмсалған орасан зор қаржымен есептесе аламыз, түптің түбінде ол Қазақстанға орасан зор пайда келтіреді. - Сұхбатыңыз үшін рахмет. Осы жолда сіздерге табыс пен сәттілік тілеймін!
Соңғы жаңалықтар