Болашақта елімізде трансплантация жасалатын орган арнайы құрылғыда сақталмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасап жатыр. Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады деп болжанып отыр. Бұл туралы UMC баспасөз қызметі мәлім етті. 

Болашақта елімізде трансплантация жасалатын орган арнайы құрылғыда сақталуы мүмкін
Фото: UMC баспасөз қызметі

Жобаның шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеп жатыр. Болашақта бүйрекке кеңейту жоспарланған. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады. 

Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы — Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.

— Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы — бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және американдық аналогтан айырмашылығы, біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді, — деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түрінен жиі көз жұматынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар