Болашақта кез келген шыны энергия көзіне айналуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Болашақта кез келген шыны терезені, смартфонның, планшеттің, теледидардың, тіпті компьютер мониторының экранын қосымша электр энергиясы көзіне айналдыруға болады. Бұл жерде шынының бейнелік сапасына ешқандай нұқсан келмейді.
None
None

Мичиган штаты университетінің (АҚШ) бір топ зерттеуші ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Олар мөлдір күн «батареяларын» жасау мәселесіне мүлдем басқа тұрғыдан келіпті. Ғалымдар біріншіден, қалың шынының ішіне фотоұяшықтар орнатудан бас тартқан. Бұл әрине бір қарағанда тіпті ақылға қонымсыз көрінеді. Алайда бар құпия осында: олар әзірлеген органикалық мөлдір материал күн сәулесінің спектрін өткізіп, өзіне жақын инфрақызыл және ультракүлгін толқындарды ғана сіңіреді. Ал сіңіріп алынған энергияны мөлдір шынының айнала жиегінде орналасқан кәдімгі фотоұяшықтар қабылдайды. Әзірге күн энергиясын сіңіріп, оны электр қуатына айналдыратын тәжірибелік мөлдір шынылардың пайдалы әсер коэффициенті 1 пайыздан аспайды (кәдімгі күн панельдерінің пайдалы әсер коэффициенті - 9-24 пайыз). «Дегенмен, бұл уақыт еншісінде - дейді ғалымдар, - Ең бастысы, панельдер - мөлдір». Олар бұл көрсеткіште 5-10 пайызға арттырмақ. Егер бұл ойлары жүзеге асар болса, болашақта кез-келген мөлдір шыныны, терезені, смартфон, телефон, планшет, теледидар, тіпті компьютер экранын қосымша энергия көзіне айналдыруға болады. Айта кетелік, қазіргі таңда әлемде мөлдір күн батареяларын жасау жолында жаппай зерттеулер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар