«Болашақтың» жаңа түлектері әлемдік құрылымның қазіргі жағдайын талғай білулері керек ? АТФ Банкінің басқарушы директоры

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Ел Президенті келешекте кадрлар резервін дайындау үшін, бүгіннен бастап жастарды мақсатты түрде дайындаудың қажеттігі туралы үнемі айтып келеді. Қазақстандықтарды жаңа жағдайда, жаңа үлгіге сай тәрбиелеу – «ұлттық жобаның» басты мақсаты және команданың негізгі бөлігін сөз жоқ, биыл 15 жылдығын атап өткен «болашақтықтар» құрауы тиіс. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «болашақтық» Шухрат Садыров айтып берді.
None
None
Бүгінде ол ? АТФ Банктің басқарушы директоры, көтерме кәсіпкерлік пен шағын және орта кәсіпкерлік клиенттері блогын бақылайды. 2007 жылы Ұлыбританиядағы Крэнфильд менеджмент мектебін бітіріп, қаржы және менеджмент бойынша магистр дәрежесін алып шықты. Сондықтан, еліміздің банк саласындағы қалыптасқан жағдайды мемлекеттің дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары қалай өзгерте алады деген сауалға ол да өз пікірін білдірді. - Сіз «Болашақ» халықаралық білім бағдарламасының бұрынғы стипендиаты, бүгінде ? жоғары санаттағы мамансыз, айтыңызшы, президенттік бағдарламаға қатысу Сізге не берді?- Бағдарлама маған көп нәрсе берді. Біріншісі ? білім, екіншісі ? тәжірибе алмасу, үшіншісі ? сырт елдермен байланыс, жаһандану үрдісі жағдайында күнделікті тіршілікте байланыстың берері мол. Ал, ең бастысы, әлемдік жүйенің қалай жұмыс жасайтынын көрдік, дербестікке және тұлға ретінде өсу жолдарын үйрендік. Шет елге шыққан адам, жаңаша өмір сүруді үйренеді, оған өз әлемін қайтадан, жаңа жолдан бастауға тура келеді. Адамдар ширақтыққа үйренеді, басқаша ойлау қабілеті дамиды, ал дамыған мемлекет құру үшін, қазақстандықтардың жаңаша жетілу үлгісі қажет. Ия, «Болашақ» бағдарламасына 15 жыл толды. Өмір бір орнында тұрмайды, ол тұрақты өзгеріс үстінде болады. Егер, бұдан бірнеше жыл бұрын қоғамда заңгерлер мен қаржыгерлерге қажеттілік қатты туындаған болса, бүгінде, сөз жоқ, техника саласының қызметкерлері, әр саланың инженерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарына зәрулік сезіліп отыр. -Мемлекет басшысы «Болашақты» «серпінді жоба» деп атаған болатын, ал іс жүзінде қазақстандық қоғамдастық бағдарламаның бұрынғы түлектерімен қалай ықпалдасуда және еліміздің дамуына олар қандай үлес қосуда?-2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы құрылды, ол бізге бірігуге және нақты жобаларды жүзеге асырауға көмек көрсетеді, ал қазіргі дағдарыс біздерді белсенді іс-әрекеттерге итермелейді. Өткен жылдың соңына қарай қауымдастықтың қызметі айтарлықтай жандана түсті.Біздің белгіленген бағдарламамыз да бар ? бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, олар, біз жүзеге асырғалы отырған әлеуметтік және білім беру бағдарламалары, сондай-ақ, әлі өз орнын таба алмай жүрген түлектерімізге қолдау жасау. Жасырын емес, «Болашақтың» түлектері мемлекеттік құрылымдар мен басқа да компанияларда белгілі лауазымдық орындарда отыр, мұның барлығы да еңбекке орналастыру және түлектердің жалпы базасы бойынша білікті қызметкерді табу мәселелерін шешеді. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі деген мәртебенің өзі, қандай да, бір сенімге жол ашады. Ия, Қауымдастық түлектердің ықпалдасуына мүмкіндік ашады, дегенмен әлі де көп нәрсені жасау қажет.Біз Қауымдастықтың, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жасау және оларды жүзеге асыру кезінде консультативтік рөл атқаруға икемді үкіметтік емес ұйым ретінде дәрежесін көтеріп, күшейтуіміз керек. - Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайындағы жаңа міндеттерді есептегенде, жаңа «болашақтықтар» қандай болулары керек? «Зияткер ұлт - 2020» жобасы туралы не айта аласыз, қазақстандықтарды жаңа үлгіге тәрбиелеуде бұл жаңа әрі пәрменді құрал бола ма және Қазақстанды адамдық капиталы бәсекелі елге айналдыра ала ма? - Әрине, «Болашақтың» жаңа түлектері әлемдік құрылымның қазіргі жағдайын жете талғай білулері керек. Ал, дағдарыс болса, әлемдік қауымдастық тіршілігіне өзіндік өзгертулерін ала келді. Президент айтқандай, бізге ХХІ-ші ғасырда жұмыс істей білетін адамдар, ішкі және халықаралық үрдістерді тамаша талдай алатын кәсіпқойлар, мемлекет мүддесін жеке басынан жоғары қоятын отансүйгіштер, мнеджменттің ең озат үлгілерін енгізуге дайын басқарушылар керек. Қазақстан халқының жартысынан астамы ауылдық жерлерде тұратындықтан «Зияткер ұлт - 2020» жобасын жүзеге асыра қою күрделі болады, өйткені, Internet-технология секілді ақпараттық кеңістікті пайдалануға қол жете бермейді. Бағдарламаға және сандық теледидарға Internet- технологияны енгізу қажет. Әрине, мемлекет қолдан келгеннің бәрін жасауда, дегенмен, бұл бағытқа әлі де болса күш салу қажет, өйткені, алыс ауылдарда әлі күнге дейін не бәрі 3-4 телеарна ғана хабар таратады. Дегенмен, аз шаруа тындырылып жатқан жоқ, осыдан 5 немесе 10 жыл бұрынғы кездермен салыстырар болсақ, әрине айырмашылық аз емес, хабар тарату форматтары өзгерді, жетілдірілді. Мемлекеттік телеарналардан бүгінде ақпараттармен қатар көңіл көтеруге арналған бағдарламаларды да тамашалауға болады. Бізге әйгілі ВВС сияқты компаниялардан тәжірибе алу керек. Оларда, кез-келген тұтынушыға арналған форматтар жұмыс істейді. Бәрі де, анық шектелген, білім беру, балаларға арналған арна, жаңалықтар блогы, спорт және т.б. Тележарнамалар жоқ десе де болады, өйткені, ВВС салық төлеушілер есебінен жұмыс істейді. - Халық қолданыстағы салықтар салмағын ауырсынып жатқанда ? бұлай ете қою мүмкін бе?- Халыққа қосымша салық салу міндет емес, қазіргі арналар базасында аталған бағытты дамытуға мемлекеттің мүмкіндігі жетеді деп ойлаймын. Жалпы алғанда, біз жоғарыда айтқандарымыздың барлығын да бір арнаға шоғырландырып, оны орындаудың нақты жоспарын жасауымыз керек, сондай-ақ, қанша мектеп, қандай мерзім ішінде салынуы керек, осының барлығы да анық жазылуы керек, деп ойлаймын.- «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бар және Алматыда бұл бағдарлама жүзеге асырылып жатыр емес пе? - Ия, дегенмен мұның барлығы да әлеуметтік жобалар ғой. Осы жаңа мектептің мұғалімдерінің ертең қандай деңгейде білім беретінін бүгін ешкім айта алмайды. Оқулықтар мәселесі мені де қатты ойландырады. Менің анам қазақ мектебінде сабақ береді, мен оқулықтардың ала-құлалығы мен көптеген қателіктердің бар екендігін жақсы білемін. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі мекемелер мәселесін де тілге тиек еткім келеді. Бүгінде, бала мектепте жақсы оқу үшін, оған дейінгі жақсы дайындық қажет. Ал, балалар бақшасы жетіспейді. Жақында Алматыда 20 жылдан бері бірінші рет бала бақша ашылды. Мектеп жасына дейінгі дайындық базасынсыз, зияткер ұлт тәрбиелеу туралы айтуға болмайды. - Сіз банкир болғандықтан, еліміздегі банктер саласындағы жағдай туралы, дағдарысқа қарсы шаралар туралы және оған Сіздің банктің қатысуы туралы сұрғаым келеді?- Біз дағдарысқа қарсы «Даму» бағдарламасына қатысудамыз. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы. Сонымен қатар, осы салаға банк өз қаржысын салып отыр, деп мақтана да аламыз. Егер, мемлекет бір теңге берсе, банк те бір теңге қосымша қаржы салады. Биыл бізге «Даму» қорынан 10 млрд. теңге қаржы бөлінген болса, біз де осы шамадағы сома бөлуді белгілеп отырмыз. Біз, шағын және орта кәсіпкерлікті мейлінше қаржыландыруға ниеттеніп отырмыз. - Қазіргі қолданыстағы несие ставкасы бойынша Сіз не айта аласыз? Қазіргі жағдайда шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру қалай жүріп жатыр?- Жұмыс жасап жатқан клиенттерге біз ставканы көтерген жоқпыз, ол бұрынғыша 13-14 %-ды сақтап қалды. Басқа мәселе мынада ? теңгенің девальвациялануына соқтыққан, жалақысы жоғарылатылмаған адамдар, несиені төлеуде қиындыққа тап болды. Мұндай жағдайда, клиенттеріміздің жағдайын жеңілдету тетіктерін қарастырып жатырмыз. Банктің міндеті ? клиенттің пәтерін тартып алу емес, біз үшін клиенттің әлеуметтік тұрақтылығы маңызды.- Девальвация туралы сөз қозғалды, ендеше, ол жалпы банк саласына қалай әсер етуде?- Бұл, қиын сауал. Макроэкономика тұрғысынан алып қарағанда, бұл, әрине дұрыс шешім. Ол, отандық тауар өндірушілерге көмек көрсету мәселесінен туындап отыр. Бұл, өте түсінікті қадам. Егер, сіз, мәселен сүт өнімін алуға дүкенге кірсеңіз, отандық өнімдердің бағасының шетелдіктерден төмен екендігін бірден байқайсыз. Бұл дегеніңіз, жұмыс орындарының сақталуы, өнім сату көлемінің өсе түскендігі, демек, бюджетке де салық көп түседі. Жалпы алғанда, шара өте жедел және дұрыс. Мәселен, Ресейде девальвация баяу өтті, салдарын қараңыз, осыған қаншама көлемде алтын қоры резерві жұмсалып кетті. Дегенмен, ресейліктердің бұлайша жасауға мүмкіндіктері болды, өйткені, олардың алтын қоры резерві біздікінен 10 есе көп. Жалпы алғанда, аталмыш шара жүйені бекітіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі арта түсті. -Коммерциялық банктерге бақылауды мемлекеттің өз қолына алуы, банк жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді деген болатын Президент. Сіздің ойыңызша, екі банктің мемлекет қарамағына өтуі не береді?-Бұл қажеттіліктен туған шара. Егер, бірқатар банктерге дер кезінде көмек көрсетілмегенде, онда, еліміздің жалпы қаржы жүйесі қиындыққа килігер еді. Жаппай күйреу, ешкімге де, бізді қоса айтқанда, ешқандай тұрақты банкке керек емес.- Әңгімеңізге рахмет!
Соңғы жаңалықтар