Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасының №6 энергоблогында электр сүзгісі іске қосылды

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Екібастұз ГРЭС-1 стансасының №6 энергоблогында енді ауаға таралатын зиянды заттардың ауқымы айтпарлықтай кеміп,
None
None

күлді ұстау деңгейі 99,9 пайызға дейін жоғарыламақ. Оған бүгін іске қосылған электр сүзгісі мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін мұндай сүзгі 2010 жылдың желтоқсан айында №5 энергоблокта іске қосылған болатын. «Қазақмыс корпарациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, қазіргі заманғы электр сүзгілерін орнату бағдарламасына 12,5 миллиард тенге жұмсалмақ. 2013 жылы ол қолданыстағы 6 энергоблокта толық орнатылатын болады.

«Екібастұз ГРЭС-1 жабдығын жаңғырту жөніндегі ауқымды жұмыстар компания қызметкерлері үшін ғана емес, жалпы қазақстандықтар үшін де маңызды деп ойлаймын. Бұл ретте орнатылып жатқан электр сүзгілердің арқасында біздер қоршаған ортаға деген ықпалды барынша төмендете аламыз», - дейді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огай. Қазіргі таңда стансада жұмыс істеп тұрған № 3, 4, 5, 6, 7 бес энергоблокты жаңартудың, № 1, 2, 8 энергоблоктарды қалпына келтіру мен электр сүзгілерін орнату есебінен қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды барынша кемітудің бірнеше кезеңдерінен тұратын көпжылдық инвестициялық бағдарламасы сәтті орындалып келе жатыр. Жобалық қуаттылықты қалпына келтіруге бағытталған жаңарту жұмыстары 2016 жылға дейін созылатын болады. Жалы көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін 1 миллион доллардың жұмысы жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар