Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Болат Төкежанов министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Болат Төкежанов
Фото: primeminister.kz

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы ШҚО Ұлан ауданы «Обуховский» совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1994 -1996 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық салық инспекциясы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің салық инспекторы, бірлескен шетелдік кәсіпорындарға салық салу секторының аға инспекторы.

1996 -1999 жылдары — Міндетті медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облыстық бөлімі қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы, қаржы басқармасы басшысы–директорының орынбасары.

1999 - 2000 жылдары — Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде ақпараттық-техникалық бөлім бастығы, директоры.

2001–2003 жылдары — ШҚО «Ақпараттық-медициналық орталығы» ММ директоры.

2003 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық лауазымда жұмыс істеді.

2013 - 2014 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2014 - 2017 жылдары — «ҚР Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасының ұлттық үйлестірушісі.

2017- 2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 - 2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының ұлттық үйлестірушісі.

2020 - 2022 жылдары — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2022 - 2023 жылдары — Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар