Болгария депутаттары Ақтөбедегі террористік актіге байланысты көңіл айтты

Делегация тарапы әңгімені Қазақстанда жарияланған қаралы күнге, сонымен қатар, Ақтөбедегі террактіге байланысты қайғылы оқиғаға көңіл айтудан бастады. Бұдан бөлек, Болгария депутаттарымен болған жүздесуде тероризмге қарсы күресте бірлескен күш-жігердің қажеттілігі атап өтілді. Осы ретте кездесу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Вашингтон саммитіндегі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің өзектілігіне назар аударды. «Жаңа туындап жатқан қатерлермен күрес туралы әңгімеде біз елдер арасындағы ынтымақтастықтың халықтар игілігіне жұмыс істеуі керектігін ешқашан естен шығармауға тиіспіз», - деді Даниела Дариткова.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Гүлнәр Ықсанова екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағытын дамыту бойынша талқылауларға әзір екенін жеткізді. Осыған байланысты тараптар денсаулық сақтау, медицина, демография мәселелеріне көңіл бөле отырып, әлеуметтік даму бағытындағы ынтымақтастыққа назар аударды. «Қазақстан «Нұрлы жол» стратегиясын жүзеге асыру барысында еуропалық елдердің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға қызығушылық танытады. Сонымен қатар, Болгарияны Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінебелсенді түрде қатысуға шақырғым келеді», - деді Гүлнәр Ықсанова.