Болгария Қазақстан азаматтары үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгария қазақстандық азаматтар үшін виза алу тәртібін жеңілдетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар комитетінің төрағасы Марат Иғалиевпен өткен кездесуде Қазақстандағы Болгария елшісі Иван Димитров хабарлады.
None
None

«Болгариялық елші ағымдағы жылдың сәуір айында осы елдің біржақты тәртіпте Қазақстан азаматтары үшін жеңілдетілген визалық режім енгізгенін жеткізді. Яғни осыған дейінгі визаларын заңды негізде қолданғандар үшін жылдық көпреттік визаларды және жылжымайтын мүлкі бар әрі бұрынғы визаларын заңды негізде қолданғандар үшін үш жылдық виза енгізуді қамтамасыз ету қарастырылып отыр», - делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында. Болгария тарапы қазақстандық туристік компаниялардың өкілдерін Болгария бойынша ақпараттық турға шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап та Болгария мен Қазақстан арасындағы туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел азаматтарының арасында туристік байланыстарды нығайтуда қолда бар әлеуетті әлдеқайда тиімді пайдалануға дайын екендіктерін айтты.

Соңғы жаңалықтар