Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарастырады – Румен Радев

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы басты әрі негізгі серіктесі ретінде қарастырады. Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты.

Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарастырады – Румен Радев
Фото: Ақорда

- Сіз елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қатысты маңызды мәселені қозғадыңыз. Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы басты әрі негізгі серіктесі ретінде қарастырады. Біздің қарым-қатынасымыз халықтарымыз арасындағы өзара құрметке, сенімге негізделген терең тарихи байланысқа ұласқан. Меніңше, өзара байланыстылық – бұл табысқа жетелейтін кілт. Біздің өзара қарым-қатынасымыз, Еуропалық одақ пен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы жайында айтып отырмын, - деді мәртебелі мейман. 

Румен Радев екі мемлекет арасындағы көлік, энергетика, цифрландыру сындыц салалардағы барлық мүмкіндіктерді жан-жақты пысықтау қажеттігіне тоқталды. 

- Сіз өте маңызды меморандумдарға қол қойылатын еске салып өттіңіз. Олар бізге Орта дәлізді күшейтуге септігін тигізеді. Бұл Еуропа үшін де, Азия үшін де, Қазақстан үшін де, Болгария үшін де өте маңызды, - деді Болгария Президенті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті қарсы алғанын жазған едік.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария мен Қазақстан арасында іскерлік кеңесі құрылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар