Болгария қазақстандық азаматтар үшін визалық жеңілдіктер жасады

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Болгария Республикасының Үкіметі Шенген аумағының мүше мемлекеттерімен берілген ұзақ уақытқа жарамды бірыңғай (шенген) визалар иелеріне қатысты визалық тәртіпті қолданды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
None
None

Аталған құжаттармен қысқа мерзімдегі сапарлар Болгария Республикасының Шенген аумағына толығымен кіргенге дейін қолданылады, сондай-ақ құжаттарда көрсетілген мерзім аралығында жарамдылығын сақтайды.

Осылайша, шенген визасы бар Қазақстан азаматтарынан Болгарияға сапары барысында қосымша виза талап етілмейді. Бұл қадамнан кейін Қазақстаннан Болгарияға баратын туристтердің саны артады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар