Болгарияда уақытша үкімет ресми түрде жұмысын бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Болгарияда уақытша үкімет парламентте ант беру рәсімінен кейін ресми түрде өз қызметіне кірісті, деп хабарлайды Анадолы

Болгарияда уақытша үкімет ресми түрде жұмысын бастады
Фото: Анадолу

Уақытша премьер-министр Андрей Гюров қалыптастырған кабинет 19 сәуірге белгіленген мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға дейін жұмыс істейді.

Басылымның хабарлауынша, үкімет мүшелерін ант қабылдату үшін парламенттің кезектен тыс отырысы шақырылған. Рәсім барысында министрлер ант берді.

— Мен және уақытша үкімет елде әділ сайлау өткізуге дайындық пен оны ұйымдастыру жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз. Сондай-ақ тұрақты үкімет құрылғанға дейін елді сабырлы, ұтымды әрі деректерге негізделген түрде басқаруды қамтамасыз етеміз, — деді Гюров салтанатты рәсімнен кейін сөйлеген сөзінде.

Үкіметтің негізгі міндеті 19 сәуірге жоспарланған Болгария Ұлттық жиналысына мерзімінен бұрын сайлауды ұйымдастыру.

Саяси тұрақсыздық жағдайында Гюров кабинеті соңғы бес жыл ішінде Болгариядағы жетінші уақытша үкімет болмақ.

Бұған дейін Болгарияның экс-президенті Румен Радев мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысатынын растаған еді.

Айта кетелік Болгарияның экс-президенті парламенттік сайлауға қатысатынын растаған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум