Болгарияда жеті боксшымыз жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бокстан Болгарияда өтіп жатқан Эмил Жечев мемориалына қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасының жеті боксшысы жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жартылай финалда 52 келіде жерлесіміз Айбек Досанов  ресейлік Максим Зайцев пен жұдырықтасса, 56 келіде Нығметула Молдашев тағы бір ресейлік Эдуард Саввинмен финалға таласады.

Ал 60 келіде Саматәлі Толтаев әзербайжандық Сайад Лалаевпен, 64 келіде Санатәлі Толтаев болгариялық Борислав Велев айқасады. 69 келіде Ермахан Жақпеков Италия боксшысы Симон Буреми Аугустомен, 75 келіде Нұрбек Оралбай болгариялық Рами Киуанмен бақ сынайды. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан жерлесіміз Нұрдәулет Ұланұлы Әзербайжан боксшысы  Мухаммад Абдуллаевпен айқасады.

Айта кетейік, Эмил Жечев мемориалы бұл күндері София қаласында өтіп жатыр. Бәсеке 8 сәуір күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар