Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына үш қазақстандық гимнаст жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды.

Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына үш қазақстандық гимнаст жолдама алды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, іріктеу сынының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов екінші нәтижемен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай іріктеуде жетінші орын алып, финалға шықты.

Нуртан Идрисов сақинадағы жаттығуда жүлдеге таласады. Қазақстандық гимнаст іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады.

Бүгін, 8 мамырда, жарыстың екінші іріктеу күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық төрт гимнаст Болгариядағы Challenge Cup кезеңінде бақ сынайтынын жазған едік.