Болгариядағы турнирде Денис Евсеев испаниялық теннисшіні ойсырата ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 322-ракеткасы Денис Евсеев София (Болгария) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 399-орында тұрған испаниялық Бернабе Сапата Миральестің мысын басты.
Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев Миральесті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Денис осы мерзімде 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын өз пайдасына жазды. Испаниялық спортшы 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 287-ракеткасы, боливиялық Деллиен Веласкомен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы турнирде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста топ жарды.