Болон үдерісі Қазақстан білім жүйесі үшін өте маңызды ? ҚР Білім және ғылым министрі

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Болон үдерісі Қазақстан білім жүйесі үшін өте маңызды. Өйткені еліміздің әлемдік қауымдастыққа кіргеніне он сегізінші жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстанды әлем таныды және мойындады.
None
None
Білім деңгейіміздің әлемдік талаптарға жауап беруі де біздер үшін ең маңызды шарттардың бірі болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Білім жүйесін Болон үдерісі талаптарына сәйкестендіру жолында бірқатар шаралар атқарылды. Алайда біздің біліміміздің әлемдік қауымдастық деңгейіне кірмеуі, мойындалмауы белгілі бір қиындықтар келтіріп отыр. Сонымен қатар дүние жүзінде болып жатқан үдерістерден қалуға болмайды. Қолында дипломы бар біздің де мамандарымыз тек Қазақстанда ғана емес, өзге де елдерде жұмыс істей алатын жағдайда болуы тиіс», - деді Ж. Түймебаев. Айта кетелік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де екікүндік халықаралық форум өтуде. Бұған ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев, Университеттердің ұлы хартиясының бас хатшысы Бастьян Бауман, Еуропа кеңесі және Болон үдерісі жұмыс тобының өкілдері, еліміздің бірқатар ЖОО ректорлары қатысуда. Аталған жұмыс отырысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік білім кеңістігінде беделін көтеру және Болон үдерісіне қосылу мәселелерін талқылау.Жиында Университеттер ұлы хартиясының бас хатшысы Бастьян Бауман, 2009 жылғы Болон үдерісі жұмыс тобының төрайымы Вера Стастна, Люксембург Білім министрлігі департаментінің директоры, Болон үдерісі жұмыс тобы төрағасының орынбасары Герман Донделингер және Болон үдерісінің сыртқы ынтамақтастық жұмыс тобының төрайымы Барбара Вейтгрубер баяндамалар жасайды деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар