Бомба туралы жалған ақпараттың кесірінен Air Astana ұшағы 6,5 сағатқа кешігіп ұшты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Алматы бағытындағы KC996 рейсінде жолаушылардың бірі экипажға ұшақта бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар мен экипаж штатты режимде эвакуацияланды.

Әуе кемесі тексерілді. Рейс 6 сағат 29 минутқа кешікті.

Әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті.

Бомба туралы ақпарат расталмады. Жалған ақпарат таратқан жолаушы құқық қорғау органдарына беріліп, 273-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар