Боралдай кентінде жүргізілген арнайы операция барысында ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметі арнайы бөлімшесінің 2 қызметкері қаза тапты

Оның атап өтуінше, 2011 жылдың 8 қарашасында екі полиция қызметкерін өлтіріп, Алматы қаласында жаңа зорлық-зомбылық әрекеттерді іске асыруды жоспарлаған лаңкестік топтың мүшелерінің көзі кеше Боралдай кентінде жойылған.
Топ жетекшісі 1977 жылы дүниеге келген Ағжан Хасен ағымдағы жылдың 28 қазанынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнің 233-2-бабы (лаңкестік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын», - деп атап өтті ол.
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында жедел-іздестіру шаралары барысында топтың көшбасшысы және бірқатар мүшелері Боралдай поселкесінде табылғанын атап өткен ресми өкіл: «Ұстауға әрекет жасаған кезде қылмыскерлер белсенді қарулы қарсылық көрсетті. Арнайы операция барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің арнайы бөлімшесінің екі қызметкері жараланып, қаза тапты», - деді.
Н.Сүйіндіковтің атап өтуінше, қылмыскерлер аталған кенттің Шпак көшесі, 43 мекен-жайындағы тұрғын үйде жасырынып, оларды ұлттық қауіпсіздік органдары мен Алматы қалалық және облыстық ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері қоршауға алған. Бекітілген тәртіп бойынша шұғыл арада көршілес үйлердің жергілікті тұрғындары қауіпсіз аумаққа шығарылып, ауданды оқшаулау ұйымдастырылған. Апаттық-құтқарушы және медициналық қызметтер тартылған.