Боран, көктайғақ: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

боран, метель, снег, погода
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Атырау облысында түнде қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. 

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар, жаяу боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығы мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман болады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15–20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу боран болады, облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. 

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттағы жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең мезгіл-мезгіл тұман болады, жолдарда көктайғақ болады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар