Боран салдарынан жолда тұрып қалған үш жолаушылар автобусы мен 15 көлік құтқарылды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Боран салдарынан Өскемен бағытында тұрып қалған үш жолаушылар автобусы құтқарылды.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы боранға байланысты бүгін сағат 9.00-ден бастап «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымында жол жабылған болатын.

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы-Өскемен автожолының 993 шақырымында 18 адамы және 22 адамы бар рейістік автобустар мен 15 жеңіл автокөлігі ескертуден бұрын жолға шығып қарлы боранға байланысты жолда қалып қойған. ШҚО бойынша №28 жол пайдалану бөлімі аталған жолдағы кезекшілігі барасында автобустарға көмек көрсетіп, олардың ары қарай қозғалысын қамтамасыз етті.

Сонымен қоса, Өскемен-Семей автожолының 84 шақырымында 20 жолаушысы бар рейстік автобус та Шығыс Қазақстан облыстық филиалының №30 ЖПБ арнайы қар тазалау техникаларының көмегімен өз бағыттарын жалғастырды.

Осы орайда «Қазақавтожол» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған көліктерге өңірлердегі жол пайдалану бөлімдері көмек көрсете алатынын хабарлайды.

Автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар