Боранбаев мұнай-газ саласындағы ірі үш компаниясын мемлекетке қайтарды
Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Кazinform.

«Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері - құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма.
Боранбаев, сондай-ақ, тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық.
Сонымен қатар, құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды.
Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді.
Айта кетейік, кеше Қайрат Боранбаев Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бірқатар нысанды мемлекетке берді.
Ал, 17 қазан күні ол өз еркімен 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарған болатын.
Сондай-ақ, 16 қазанда Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін мемлекет меншігіне беретіні жарияланған.