Боранды күнде тауға шыққан Өскемен тұрғыны кері қайта алмай, құтқарушыларды шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Өскемен тұрғыны тауға шығып, боран соқан кезде кері қайта алмай құтқарушыларға хаар берген.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 1954 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны көлігін тас жолдың жиегіне тастап, итмұрын жинау үшін таулы аймаққа кеткен. Бірнеше сағаттан соң қатты боран соғып, ол қайтар жолды таба алмайтынын түсінген соң құтқарушыларға хабар берген.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдйлар департаментінің құтқарушылары кинологиялық қызметпен бірге тауда әлсіреген және тоңып қалған саяхатшыны тауып, оны медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейі ауа райына байланысты төрт өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс шектелді.