18:38, 20 Ақпан 2023 | GMT +5
Боранға байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 18.30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.