Боранға байланысты елорда маңына қатынайтын кей автобустар жүрмей қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Cіty Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Басқа бағдарлар линияда жүр.

Айта кетейік, кеше кешкісін қала маңына жолаушы тасымалдайтын № 312, 317 автобустары да жүрмей қалған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін астанада боран соғып тұр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Теміртаудың арасын жалғайтын автожол жабылды.

Кешеден бері «Нұр-Сұлтан-Щучинск» және «Нұр-Сұлтан-Атбасар» жолдарында да көлік қозғалысына тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар