18:24, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Боранға байланысты Қостанай облысындағы жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл» жолының учаскесі (82-174 км. Жітіқара-Мүктікөл кенттері) көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Бұдан бұрын ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының күре жолдары да жабылған болатын.