Борисовка ауылында 276 тонна мал азығы өртеніп кетті - Ақмола облысы
Мал азығын жергілікті «Аграрное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторлары биылғыдай қуаңшылық жылына қарамастан ауыл тұрғындарының жеке шаруашылығына деп әзірлеген. Ал ел аман, жұрт тынышта тосын оқиғаның себепкері ауылдастары болып шықты. Оңтайлы сәтті пайдаланып Я. есімді 37 жасар ауыл тұрғыны алдымен қыстақты, содан кейін пішендемені өртке ораған. (Күдікті секіреді дегендейін» өзі бой тасалап жүргенде абайсызда қолға түседі. Учаскелік полиция қызметкеріне кінәсін мойындаған. Тек айтар айғағы, серіктестік басшысы сияқты жақсы тұрмыс құрғысы келген көрінеді. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сінің 187-ші бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық із қозғалған. Тергеу амалдары жалғастырылуда. Аудан прокуратурасының мәлімдеуінше кәсіпорынға келтірілген шығын шамамен 4 миллион теңге мөлшерінде болып отыр.