Бөрлі ауданында орташа жалақы 184 мың теңгеге жуықтады

ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрлі ауданында орташа жалақы 183993 теңгеге жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жан басына шаққандағы ақшалай табыс 122668 теңгені құрады. Ал өмір сүрудің төменгі деңгейі - 13477 теңге. Ауданда тіркелген жұмыссыздар саны - 219 адам.

Бөрлі ауданында қазіргі кезде халық саны 56828 адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар