Бөрлі ауданында орташа жалақы 239 мың теңгеге жетті

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 11,8 пайызға артық.
Өңірде жоғары еңбекақы өнеркәсіпте - 201,5 мың теңге (облыстық көрсеткіштен 2 есеге артық), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласы (141 мың теңге) мен құрылыста - 139,3 мың теңге (1,4 есе), қаржы мен сақтандыру қызметінде - 120,9 мың теңге (1,2 есе), ақпарат және байланыста - 110,2 мың теңге (1,1 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (103,7 мың теңге) пен көлік және қоймалауда - 102,7 мың теңге (1,0 есеге көп).
Ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс жасайтындар алады, бұл облыстық көрсеткіштің 54,6 пайызына тең.
Аумақтық жағынан алғанда, ең қомақты жалақы Бөрлі ауданында 239 мың теңгеге жетті, бұл облыстық деңгейден 2,4 есеге көп.