Бортоғайда қар құрсауында қалған барлық адам эвакуацияланды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.
None

«Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Жалпы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, полиция департаментінен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, ерікті-еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды.


Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар