«Боруссия Дортмунд» футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын тең нәтижемен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы тең ойынмен бастады.

В сборной Казахстана по футболу объявили о новых назначениях
Фото: pixabay.com

F тобында сынға түсіп жатқан германиялық клуб алғашқы кездесуінде Бразилияның «Флуминенсе» клубымен шеберлік байқасты.

Қос команда ойын басынан гол соғатын мүмкіндік іздеді. Соған қарамастан олар көптеген мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Нәтижесінде командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Бұл топтағы «Ульсан» (Оңтүстік Корея) - «Мамелоди Сандаунз» (Оңтүстік Корея) кездесуі 18 маусымда қазақстандық уақытпен 03:00-ге белгіленген.

Сондай-ақ бүгін E тобында «Ривер Плейт» (Аргентина) - «Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Монтеррей» (Мексика) - «Интер» (Италия) ойындары өтеді.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Әлем чемпионатының жүлде қоры - 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Соңғы жаңалықтар