Бос білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындылары

АСТАНА.15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен 14 қыркүйекте жоғары білім алу үдерісінде босаған білім гранттарын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы болды.
None
None

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бос білім гранттарын алу жөніндегі конкурсқа 81 жоғары оқу орнынан: 1 халықаралық, 35 мемлекеттік, 10 акционерлік, 26 жеке оқу орындарынан 5868 студент қатысты.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған білім гранттары оқыту мамандықтары бойынша осы мамандықтарда ақылы негізде білім алып жатқан студенттерге конкурстық негізде берілді.

Конкурс студенттердің бүкіл оқыту кезеңіндегі орташа үлгерім баллы ескеріле отырып, аралық аттестациялау нәтижелері боынша өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысында ақылы негізде оқып жатқан 2-, 3- және 4-курстардың студенттеріне 1261 білім гранты берілді.

Соңғы жаңалықтар