Босқын қыз метрода тауып алған 14 мың еуроны иесіне қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактан келген 16 жасар босқын қыз Берлин метросында тауып алған 14 мың еуроны заңды иесіне қайтарып берді.

78 жастағы Берлин тұрғыны ақша салынған сөмкесін 15 қыркүйекте кешқұрым метро пойызында қалдырып кеткен.

Жоғалған затты тауып алған қыз дереу метро қызметкерлеріне хабарласады. Бірақ олар шарасыздық танытқан.

Арада екі күн өткен соң босқындарға арналған орталықта тіршіік кешіп жатқан 16 жасар қыз анасымен бірге полиция бөлімшесіне келген. Ол құқық қорғау органы қызметкерлеріне  вагонда тауып алған сөмкені тапсырды. Осылайша 14 мың еуро түп-түгел иесіне қайтарылды, деп жазады Deutsche Welle.

Соңғы жаңалықтар