Босқындарды тасымалдап жүрген контрабандашы 51 жасөспірімді әдейі суға батырып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопия мен Сомалиден шыққан елуден астам босқынды өз қайығымен әкеле жатқан ер адам оларды Йемен жағалауында әдейі суға батырып жіберді.

Босқындарды тасымалдап жүрген контрабандашы 51 жасөспірімді әдейі суға батырып жіберді

Тірі қалғандары контрабандашының жағалаудан  «беделді адамдарды» көргеннен кейін оларды қайықтан итеріп түсіріп жібергендігін айтты,-делінген Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КХҰ)  таратқан мәлімдемесінде.

КХҰ қызметкерлерінің қаза тапқан 29 адамның йемендік Шабда провинциясында жерленгендігін анықтағандығы, ал қалғандарының мәйіттері табылмай жатқандығы атап өтіледі.  

Ұйым баспасөз қызметінің айтуынша, суға ағып кеткендердің орташа жасы - 16.