Бостандыққа шыққан 50-ден астам адам мәжбүрлі химиялық кастрациядан өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, соңғы 2 жылда, нақты айтқанда 2023 жылы – 40, ал 2024 жылы 56 адамға химиялық кастрация тағайындалған. Бүгінде химиялық кастрацияны 53 адам алады.

Более 50 человек проходят принудительную химическую кастрацию после выхода из мест заключения
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

BIZDIÑ ORTA подкасында дәрігер-психиатр Тамара Насырова мен Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны қолдануға қатысты жаңа бастамасын талқылады.

Химиялық кастрацияға ең көп ұшырайтын тұлғалар Ақмола, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда химиялық кастрация сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жүргізіледі. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі бұл тәртіпке өзгерістер енгізуді ұсынып, химиялық кастрацияны сотталған адам босатылуға жарты жыл қалғанда бастау керек деп отыр. Тамара Насырова химиялық кастрацияны босатылуға дейінгі алты айда жүргізу ағымдағы тәсілге қарағанда неліктен тиімді екенін түсіндірді.

- Біріншіден, бұл кезеңде препараттың терапевтік әсерін бақылауға болады. Екіншіден, препараттың науқастарға қаншалықты төзімді екенін бағалауға мүмкіндік туады. Үшінші критерий - құқық бұзған тұлғаны амбулаториялық-поликлиникалық көмек жүйесіне, яғни тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау жүйесіне біртіндеп беру, - деді Тамара Насырова.

Сарапшының айтуынша, бұл шараның алдын алу мақсаты да бар. Ол босап шыққаннан кейін қылмыс жасау қаупін төмендетуге көмектеседі және әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар қоғамда рецидив тәуекелін азайтады.

Подкастың толық нұсқасын 22 тамыз күні сағат 00:30-да «Jibek Joly» телеарнасынан көруге болады.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігінің педофилдерді өмір бойы бақылауға алу жоспары барын хабарлаған едік.

Айта кетейік, елімізде педофилдерге түрмеден шыққанға дейін кастрация жасалмақ.

 

Соңғы жаңалықтар