Бот-платформа арқылы жүгініп, құқығы қалпына келтірілді

интернет
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселелері бойынша уәкілетті органмен байланысын жеңіл орнату үшін «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгінуі жеткілікті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сервис азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты шағым беруге немесе бюрократияны төмендету, бизнес-процестерді оңайлату жөнінде ұсыныстарын жедел жасауына мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) аталған бот-платформа арқылы келіп түскен шағымдары қаралып, қызмет алушыларға тиісті жауаптар ұсынылып, құқықтары бұзылған жағдайда жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, мемлекеттік қызмет алу кезінде туындаған проблемасы бойынша жүгінген қызмет алушы 2007 жылдан бастап жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғанын, қазіргі уақытта жер учаскесін алмағандығына қарамастан «egov.kz» веб-сайтында жер учаскесі берілгендігі қате көрсетіліп тұрғандығын жеткізді.

Бұл мәселе департамент тарапынан жіті зерделеніп, ақпараттық жүйені әзірлеушілерге дәлелді мәліметтер жолданып, жүргізілген жаңарту нәтижесінде қызмет алушының жер учаскесіне ақпараттық жүйедегі кезегі қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, кезекті қызмет алушы Халыққа қызмет көрсету орталығына түсірген өтініші бойынша толыққанды түсіндірме берілмегендігін көрсетіп шағымданды.

Бұл тұста, департаменттің ықпал ету нәтижесімен Атырау қаласындағы №2 ХҚКО бөлім басшысы қызмет алушымен телефон арқылы хабарласып, шағымға арқау болған мәселе бойынша тиісті ақпарат толыққанды түрде берілді.

Осыған ұқсас, Департамент қызмет алушылардың «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгінген мәселелеріне тиісті құқықтық-түсіндірме ақпараттарын тұрақты түрде ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар