Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола жүлде иеленді
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі

Отандасымыз жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Ботагөз Қытай спортшысынан жеңіліп қалды. Осылайша ол жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады және әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын беделді дода саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін күрестен Мажарстанда өтетін халықаралық турнирге қатысатын спортшылар белгілі болғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар