Ботаника бағындағы тропиктік өсімдіктер мен пальма ағаштарына қыста қандай күтім жасалады

Ботаникалық бақтың мәліметінше, коллекциялық тропикалық және субтропиктік өсімдіктер жылыжайда (оранжерея) ғана емес, сондай-ақ арнайы жабдықталған үш жылыжайдан тұратын жылыжай кешенінде орналасқан.

«Ботаникалық бақта жылыжайды (оранжерея) қайта салу жұмыстары басталғаннан бері барлық дерлік өсімдіктер жылыжайға көшірілді. Жылыжай кешені өткен жылы жөндеуден өтті, қазіргі уақытта онда ғылыми қызметкерле оранжереядан көшірілген өсімдіктерді күтімде ұстап отыр. Жылыжайда қазір кактустар мен суккуленттер, су бөлімінің өсімдіктері, сондай-ақ оранжереяның тропикалық және субтропикалық өсімдіктерінің толық коллекциясы бар. Біздің жылыжайлар мен зертхана қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында өсімдіктер коллекциясын сақтап қана қоймай, ғылыми зерттеу мен коллекциялық қорды толықтыру жұмысын жалғастыра алдық», — деп жазады бақ ұжымы.

Соңғы екі жылдағы қиындықтарға қарамастан институт басқа ботаника бақтарынан тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің 250-ден астам жаңа сортын алған.

Бұл ретте Цицын атындағы бас ботаникалық бақтан (Мәскеу) және В. Л. Комаров атындағы ботаника институтынан 92 таксон өсімдігі әкелінген.
«Зертхана қызметкерлері сондай-ақ агротехникалық жұмыс жүргізіп, салынып жатқан жылыжай ішіндегі өсімдіктер — ірі пальма ағаштарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Жылы мезгілде санитарлық кесу, өсімдіктерді қоректендіру, өңдеу және қыстауға дайындық жұмысы жасалды. Өткен күз бен қыстағыдай институт қызметкерлері оранжереяда пальма ағаштарын сақтау үшін күтім жасап, тиісті жағдайдың бәрін сақтауды жоспарлап отыр», — деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жоспарға сәйкес ағаштарды жауып, ауа райы суыған кезде қалыпты температураны ұстап тұратындай жылыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр.
«Ол үшін мердігер компания „Шах“ ЖШС жылыжайдың бірқатар бөлімінің қабырғаларын бетондау мен нығайту жұмысын бастады. Осылайша ағаш тамырлары қорғалуы тиіс. Ал институт суық мезгіл басталғанша ағаштарды үстінен жауып, күмбездің ішінде жылу „пушкаларымен“ жылытуды қамтамасыз ету үшін қосымша күмбез салуды жоспарлап отыр», — дейді ботаникалық бақ ұжымы.

Еске салсақ, мұның алдында ботаника бағы жылыжайды қайта салу жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлаған болатын.
