Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты: шындық жыл соңына дейін белгілі болады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қорытынды бірнеше ай көлемінде дайын болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Крушение самолета AZAL: когда опубликуют окончательные итоги расследования
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- Көлік министрлігі қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, халықаралық сарапшылармен бірлескен жұмыс аясында біздің мамандар жаңа дағдыны меңгерді. Түрлі елден келген халықаралық сарапшылар да жұмысқа қатысып жатыр. Ұшақ қалдығының бір бөлігі әлі де шетелде сараптамадан өтіп жатыр, жақында елге қайтарылады. Қазір талдау кезеңі аяқталып қалды, қазір қорытынды есеп дайындау сатысында, - деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, қорытынды есеп бірнеше айда дайын болады.

- Қазіргі жалғыз мәселе, ұшақтың қалай зақымданғаны. Бұл мәселені саясиландырғым келмейді, сұраққа құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан сараптама қорытындысы жауап беруі тиіс. Менің білуімше, олар өзге елдерге сұрау жолдаған, ол елдерде фюзеляждан табылған зақымдаушы элементтері бар. Сондықтан, шындық жыл соңына дейін белгілі болады деп ойлаймыз. Барлық талап үтір-нүктесіне дейін толық орындалады, - деп толықтырды Қ. Бозымбаев.

Еске сала кетейік, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Кейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің Әуе апаттарын зерттеу орталығының (Cenipa) мамандары AZAL әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігін талдауға кіріскенін хабарлаған болатын.

Биыл 4 ақпанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша тергеудің есебі жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар