Бозымбаев Павлодар мұнай зауытының басшысын қатаң сынға алды
Энергетика министрімен кездесуде Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Данбай Шухрат ертеңгі күні-ақ зауыттың реакторына шикізат қабылдауға болатынын атап өтті. Оның айтуынша, зауыттағы жаңғырту жобасы 100 пайызға аяқталған. Қосымша сұрақтар үшін де уақыт керек. Мұнай зауытының басшысының сөзіне сенсек, қазіргі таңда зауыт тәулігіне 2500 тонна бензин өндіріп жатыр. Каталикалық крекинг іске қосылғаннан кейін тәулігіне 4 мың тонна бензин өндірілетін болады.
Десе де, Данбай Шухрат мұнай зауытында сутегі құрылғысындағы техникалық ақаулыққа байланысты жұмыстың бір бөлігі ақсап тұрғанын айтты.
«Біз бұл учаскіні өз күшімізбен жөндеуге қатысты қателігімізді мойындаймыз. Сутегі құрылғысынсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Мұнай зауытының басшылығы шетелден сутегі құрылғысына тапсырыс берген. Жеткізуші 9-10 желтоқсанға дейін аталған құрылғыны жеткізуге уәде беріп отыр», - дейді ол.
Энергетика министрі кәсіпорын басшылығы зауытты жаңғыртуға байланысты тиісті жұмыстар атқармағанын мәлім етті.
«Мен сізге 1 қараша күні тапсырма бердім, сіз 8 қарашада зауыттың бірқатар құрылғысы іске қосылатынын айттыңыз. Бүгін 7 қараша. Бүгін құрылғының 10 қараша орнатылатынын айтып отырсыз. Бұл дегеніңіз нарыққа жолдағалы отырған бензиннің мөлшері азаяды деген сөз. Ол арзан бағамен ресейлік бензинді нарықтан ысыратын қазақстандық бензин болуы керек еді. Сіз бұл мәселені созған сайын ел үшін қиынға түсе береді. Меніңше, мәселені шешпесеңіз, бұл тұрғыда сізбен әңгімені жалғастырудың да мәні қалмайды. Екінші сұрақ: жөндеу жұмыстарын сапасыз жүргізгендіктен, сіздің зауытыңызда айына 150 мың тонна емес, 25 мың тонна дизельдік отын өндірілетін болады. Демек, сіз бұл дизельді отынды импорттауға тура келеді. Осы себепті, меніңше, бұл жұмысты тығырыққа тіредіңіз деп есептеймін. Айыпты техникадан көру әлбетте түсінікті. Бізде бензин мәселесі бар еді, бұдан былай бізде дизельдік отынға қатысты мәселе туындауы ықтимал. Сондықтан, сіздің тарапыңыздан атқарылған жұмысқа қанағаттанатындай дәрежеде емес деп баға беремін», - деді Қанат Бозымбаев.